Теңіз кен орнының жұмысшылары неге бас көтерді

0

Атырау облысында Теңіз мұнай кен орнындағы «Болашақ» кентінде жұмысшылар наразылық білдірді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды

АЛМАТЫ, 20 сәуір – Sputnik. Атырау облысының «Болашақ» вахта кентінде толқулар болды. Жұмысшылар басқа кент қызметкерлерінің келуіне қарсы болған. Адамдар олар коронавирус тасымалдаушысы болуы мүмкін деп қорқып отыр, деп жазды жергілікті Ақ Жайық басылымы.

19 сәуір түнде он шақты жұмысшы далаға шығып, наразылық білдірген.

«Теңізшевройл» ЖШС Теңіз мұнай кен орнының баспасөз қызметі жұмысшылардың «Болашақ» лагерінің тұрғын үй блоктарында екенін айтты. Олар таңертең үйлеріне жіберілетінін хабарлады.

«Барлығы коронавирусқа экспресс-тест өтті, нәтиже теріс болды. Олар «Болашақ»кентінде тасымалдауды күтіп отыр. Жергілікті жерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Сондай-ақ, басылым «Теңізшевройл» ЖШС-ның тікелей өндірістік қызмет атқармайтын қызметкерлерді үйлеріне қайтаратынын хабарлады. Өндірістік қызмет қарқынын алдағы бірнеше апта ішінде кезең-кезеңімен төмендетуді және қызметкерлер санын қысқартуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, 12 сәуірде «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайтын Ватернас вахта кенті екі апта карантинге жабылды. Ол жерде 50 жастағы қызметкерден коронавирус анықталды.



sputniknews.kz