Теңіз кен орнында 25 жұмысшы тамақтан уланды

Жылой ауданындағы «Теңіз» кен орнындағы «Юлмар Сервис» мекемесінің 25 жұмысшысы кешкі астан соң өздерін жайсыз сезініп, ауруханадан бір-ақ шықты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 21 адам жұмысқа қайта қосылған. Қалған 4 науқас ауруханаға жатқызылып, бақылауға алынды. Алайда дәрігерлер олар астан ұшынбаған, тек асқазан ішек жолдары қабынған,- деп отыр. 25 жұмысшының бір мезгілде өзін жайсыз сезіну себептерін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тексеріп жатыр. Аталған зауыт қалашығында өткен жылы 28 адам астан уланған еді.