Tengri Bank пен клиенттері арасындағы мәселе қалай шешіліп жатыр

0

Банктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, операциялық жұмысты кезең-кезеңмен қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Tengri Bank клиенттердің ақшаны шоттан алуы мен аударуына қойылған шектеуді жойған жоқ, бірақ лимитті 100 мыңға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Банктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, операциялық жұмысты кезең-кезеңмен қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. 

29 сәуірде Beeline ұялы операторына төлем жасауға қойылған уақытша шектеу алынып тасталады. 

Сондай-ақ, өзге банктің карталары мен есепшоттына ақша аудару лимитіне қойылған уақытша шектеу тәулігіне 20 мыңнан 100 мың теңгеге өзгертілді. 

«Visa карталарымен жасалатын операцияларға жиынтық тәуліктік лимит көлемі тәулігіне 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін ұлғайтылды», — деді банктің баспасөз қызметі. 

Банк 13 сәуір күні басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Қуандықов қызметінен кеткенін хабарлады.

Қазіргі уақытта Тengri Bank басқармасында екі адам ғана бар: Сингха Паван және Ғани Садырбеков.

Тағы оқыңыз: Банктегі ақшасын ала алмай жүр: қазақстандықтар Тоқаевқа хат дайындап жатыр



sputniknews.kz