Tengri Bank карта операцияларына лимиттер енгізді: шығындар үшін 50 мың теңге және аударымдар үшін 20 мың теңге — Қазақстан жаңалықтары

0

Tengri Bank төлем карталарын қолдану арқылы жүргізілетін операцияларға шектеулер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Tengri Bank» АҚ Tengri + жеке тұлғаларға арналған мобильді банкингте келесі уақытша шектеулер енгізілетіндігін хабарлайды:

— 9 сәуірден бастап банктік шоттарды пайдалану арқылы шетел валютасын айырбастау (сатып алу / сату) бойынша операциялар уақытша тоқтатылды;

— 10 сәуірден бастап Beeline ұялы байланыс операторына төлемдерді тоқтата тұру енгізілді;

— 14 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының басқа екінші деңгейдегі банктерінде ашылған банктік шоттарға және төлем карточкаларына аударымдармен байланысты операцияларға тәуліктік жиынтық лимит түрінде уақытша шектеу енгізілді, тек 20000 ғана аударуға болады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 14 сәуірден бастап банк күніне 50 мың теңге көлемінде төлем карточкаларын қолдануға лимит енгізді.

«Tengri Bank» АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін клиенттерден кешірім сұрады.

stan.kz