Тенгиз мұнай-газ кен орны да көтеріліске шықты

0

Қазақстандағы ең ірі Тенгиз мұнай-газ кен орны да көтеріліске шықты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Тенгиз. Наразылық білдіреміз! Маңғыстауды қолдаймыз!» — деп ұрандап жатты наразылық білдіруші топ.

Видео авторы жанындағыларға сұрақ қойып, роликті әрі қарай түсіріп келеді.

«Маңғыстауды қолдаймыз ба?» — деп сұрап жатыр ол.

Ал халық: «Иәәәәәә» — деп ұрандады.

Сонымен қатар наразылық білдірушілер Әнұранның қайырмасын айтып шеруді жалғастырды.

«Менің елім, менің жерім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің – Қазақстаным!» — дейді олар.