Теңгенің доллар мен рубльге тәуелді болмайтын күні туа ма?

0
148

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев теңге доллар мен рубльге тәуелді болуын қашан тоқтататынын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері министрден «Теңгенің доллар мен рубльге тәуелді болмайтын күні туа ма?» деп сұрады.

«Иә, – деді Жамаубаев. – Бұл төлем балансы тұрақталып, экспорттық операция мен ағымдағы шот импорттық операцияны жапқан кезде, яғни валюталық түсімдер, өндірістік сектор мен экспорттан түсетін пайда әжептәуір көбейген кезде болады».

Министр үкімет импортты алмастыру бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

«Біз импортты азайтып, ел ішінде көбірек өндірсек, өндірілген өнім есебінен экспорттық пайда табамыз. Сол кезде валюта ағыны елге келеді», — деп түсіндірді Жамаубаев.

Алайда министр қазір бұл процесс қанша пайызға орындалып жатқанын нақтыламады.

(фото Factcheсk.kz сайтынан алынды)