Теңге қашан тұрақтанады – Ұлттық банк басшысының жауабы – Қазақстан жаңалықтары

0
176

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңге бағамының 26 наурызға қарай тұрақтайтынын мәлімдеді. Ол ұлттық валюта бағамының ауытқуы елдегі саяси оқиғаларға, яғни, Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешімімен байланысты екенін атап өтті.

Теңге қашан тұрақтанады – Ұлттық банк басшысының жауабыБұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Бүгінгі күні барлық екінші деңгейдегі банктер қолма-қол ақшаның қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілді. Бізде әлі Ұлттық Банктің резерві бар. 26 наурызға қарай барлығы қалыпқа келеді деп ойлаймын. Ал шетелдік инвестициялар кететіндей ешқандай алғышарттар көріп тұрған жоқпын »,- деді Досаев.

Ұлттық банк басшысының сөзінше, валюта бағамының ауытқуы Назарбаевтың өкілеттіктен бас тартуна байланысты орын алып отыр.

Сондай-ақ, Досаев ел дамуының жаңа дәуірі бастағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге саяси даналықтың үлгісін көрсетіп берді, – дейді ол.

Айта кетейік, қазақстандық қор биржасында таңертеңгілік сессия бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бір АҚШ доллары үшін 378,04 теңгені құрады. Жалпы, АҚШ доллары бір тәуліктің ішінде1,64 теңгеге өсті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz