Теңге бағамы тұрақсыз: Девальвация бола ма? — Қазақстан жаңалықтары

0

Теңге бағамының тұрақсыздығы экономикалық өзгерістерге алып келуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Теңге бағамы тұрақсыз: Девальвация бола ма?

АҚШ-тың федералдық резервті жүйесі базалық мөлшерлемесінің бағасын төмендетті. Кейбір сарапшылар бұл қадам Американың экономикасының өсуіне көмек береді дейді. 

3 күн бұрын теңге өзінің тарихи көрсеткішіне жеткен болатын. Алайда, артынша теңгенің бағамы біраз тұрақтанған. Ал АҚШ базалық мөлшерлемесін төмендеткен кезде теңгенің бағамы қайта құлдырады.

«Теңгенің курсы мұнай бағамына сүйенетін еді. Ол ағымдағы есептік көрсеткіштерді анықтайтын. Екіншіден, Рессейдегі жағдай. Біздің серіктесіміз ретінде рессейлік рубль болатын. Қазір үшінші фактор ретінде қарастырылады. Бізде қалай болатынын болжау қиын», — дейді экономист Марат Каирленов.

4 жыл бұрын Ұлттық Банк теңгені еркіндікке жібергеннен кейін, доллар курсы күрт өсіп, теңгенің құны төмендеген. Содан бері қарай, теңге бағамы тұрақтылығынан айырылды. Биылғы жылдың өзінде соңғы маусым, шілде айларында қазақстандықтар 2 миллард доллар сатып алған екен. 

«Бірінші квартал бойынша біз алтын-валюталық қорын теңгенің бағымын тұрақтандыру үшін қолданған болатынбыз. Бұл тұрғыдан келгенде Ұлттық Банк тұрақтандырмауы мүмкін емес», — дейді экономист Марат Каирленов.

Маманар теңге бағамының алдыңғы бір ай ішінде өзгере қоймайтынын жеткізген. Алайда, мұнайтың бағасы арзандайтын болса, жағдай өзгеруі мүмкін.

«5-10 пайыз деп қарастыратын болсақ, бұл айтарлықтай тербеліс емес. Ал ағымдағы бағадан 10 пайыздан артық өзгеріс болатын болса, мәселен 400-ден жоғары болса қорқуға болады. Ал аздаған өсімдердің айтарлықтай зияны жоқ», — дейді ҚР ақша айырбастау ассоцияциясының президенті Аршын Ғалымбаев. 

stan.kz