Теңге бағамы қандай болады — министр Дәленов жауап берді
Ұлттық банк еркін айырбас бағамы режимін ұстануды жалғастырады
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Биыл теңге бағамы бір долларына 370 теңге шамасында сақталады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкіметте 2019 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.
Дәленовтің айтуынша, сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, болжам аясында 2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды.
«Мұнай бағасы – бір барреліне 55 доллар, теңге бағамы – бір доллар үшін 370 теңге, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6% шамасында», — деді министр.
Дәленов: жақында жәрдемақының жаңа мөлшері жарияланады
Ал ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимі одан әрі жалғасатынын атап өтті.
«11 наурыздағы жағдай бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 379,48 теңге болды. Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін ұстануды жалғастырады», — деді Досаев.
Оның айтуынша, ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1 наурызда, алдын ала деректер бойынша, 29,2 миллиард доллар, ұлттық қордың активтері 59,0 миллиард доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 миллиард долларды құраған.
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов туралы не білеміз?
sputniknews.kz