Теңге бағамы қандай

0

Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастырады

АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамының нығаю себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақышевтың айтуынша, 2019 жылдың қаңтарынан айлық инфляция 0,5 процентті құраса, жылдық инфляция 5,2%-ке баяулаған. 14 қаңтарда Ұлттық банк базалық ставканы 9,25% деңгейінде сақтады.

«Жыл басынан бері теңгенің нығайып келе жатқаны байқалады. 8 ақпандағы жағдай бойынша теңге бағамы 1,4 процентке нығайып, бір доллар 378,73 теңгені құрады. Бұған мұнай нарығындағы қолайлы коньюнктура мен Ресей рублінің нығаюы ықпал етті», — деді Ақышев үкімет отырысында.

Ол Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін жалғастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, Ақышев баяндағандай, алдын ала мәлімет бойынша қаңтар айының соңында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 30,6 миллиард долларды құраған.

Ұлттық банктің активтері – 58,2 миллиард доллар, жалпы халықаралық резервтер – 88,8 миллиард доллар.



sputniknews.kz