Теңедеді орысша жазуың алынып тасталғанына Ресей қырын ақарады: Саясаткердер не дейді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Теңге қазақша сөйлейді бұдан былай. Банкноттың бетіндегі орыс тіліндегі жазулар алынып тасталмақ. Әсілінде бұл ақпараттың белгілі болғаны бүгін ғана емес.

Тек өткен аптада Ресей сыртқы істер министрінің ресми өкілі осыған қатысты ведомствоның ұстанымын айтуы мұң екен, көрші елдің ақпарат құралдары шулап қоя берді. 

Ал теңгенің тарихына келсек, ол айналымға енген 1993-жылғы қараша айынан басталмайды. Қазбаласаң сонау сақ заманына кетіп қалады. Тек теңге деп аталмағаны анық. Бірақ дәл осындай атаумен аталып, айырбас құралы ретінде айналымда жүргеніне де 1000 жылдан аса уақыт болыпты.  Ендеше төл ақшамызды қазақшалау үшін біреуден рұқсат сұрауымыз керек пе? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Өткен жылдың 12 желтоқсанында президенттің жарлығымен теңгенің жаңа концепциясы бекіді.  Оған сәйкес ұлттық банкнот бетіндегі таңбалы жазулар тек мемлекеттік тілде қалдырылмақ. 

Жаңа тұғырнаманы әзірлеп, жүзеге асырушы құзырлы орган еліміздің Ұлттық банкі. Біздің редакциялық сауалымызға олар жазбаша ғана жауап берді. Қазақ тіліндегі банкноттар қашан айналымға шығады, қандай дизайнда болатындығы жайлы мәлімет беруді жөн деп таппады.  

Осы ақпарат өткен айдың соңында шыққан болатын. Біздің елдің ақпарат айдыны тыныш, бірақ көрші Ресейдің басылымдары шулап қоя берді. 

Тіпті арқадан пышақ ұрды деушілер табылып жатты. Ол аз десеңіз Ютуб порталында бейнеролик түсіріп қынжылыс білдіргендер де болды. Жұртты қайдам, Ресейдің ресми билігі де бұл жайтқа қатысты мемлекеттің ұстанымын бүй білдірді.  

МАРИЯ ЗАХАРОВА  РФ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ  brifing  01:43  Мы считаем что это внутренние дела.. Біз бұны аталған мемлекеттің ішкі мәселесі деп білеміз. Десе де Қазақстандық әріптестерімізбен орыс тілі ана тілі болып табылатын тұрғындардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы  барысын жиі сөз етіп тұрамыз. Бұл жайт біздің жіті назарымызда. 

Отандық экономист Рахым Ошақбаевты сөзге тарттық. Оның айтуынша дәл қазір тіл мәселесін, ұлт мәселесін көтерудің жөні жоқ деп санайды», — деді РФ СІ ерсми өкілі Мария Захарова.

«Бұл реакцияға келсек, дипломатиялық мәнерде Қазақстанда болып жатқан жайттардың жіті назарда екенін аңғартатын белгі берілді.  Әрине дизайнның қандай болуы, қай тілде жазылуы — бұл біздің дербес құқығымыз. Десек те тіл тақырыбын көтере беру қауіпті екенін түсінуіміз керек. Украина мысалын көрдік, аталған елде орыс тілін қолданыстан ығыстыру саясаты жүріп жатыр деп Ресейліктердің айтқанын білеміз. Оны дәл солай ресми дәрежеде болды деп өз басым шегелеп айта алмаймын, бірақ реакция болды. Әрине жеке өз басым ондай айыптаумен келіспеймін», — деді экономист Рахым Ошақбаев. 

Ұлттық мәселелерді жиі көтеріп жүретін саясаткер Дос Көшімнің айтуынша біздің биліктің байсалды позиция ұстануы тап осы арада өте дұрыс.  

«Ресей Қазақстанды өзінің саяси аренасында ұстап отырмыз деп ойлайды, өзінің шегінде.  Сондықтан кез-келген ұлттық мәселе жөнінен өздерінің қырын қарайтындықтарын көрсетіп қояды. Бұл бір балалық сияқты, кей уақыттарда бұған күле қарау керек. Сондықтан менің ойымша біздің мемлекет әйтпесе дипломатияға бұған жауап берудің ешқандай қажеті жоқ». саясаткер Дос Көшім.

Осындай жайттарға келгенде Ресейдің қимасы неге қышиды деген сұрақ туады ғой. Аңдасақ олардың түсінігінде Қазақстанның кіндік әкесі Кеңес одағы. Төл дүниесін жасауға тарихи алғышарты жоқ, тарихи қақысы жоқ, большевиктердің қателігінен пайда болған мемлекет дегенін талай естіп жүрміз. Ендеше теңгенің тарихын білмекке, тарихшыны сөзге тарттық. 

«10-ғасырда мына Отырар қаласы мен Яссы қалаларында монеталық сарай іске қосылып жұмыс істеді», — деді Құндызай Ерімбетова. 

Қазақ даласында пайда болған мемлекеттік құрылымдардың барлығында айырбас құралы ретінде ақша жүрді. Сақтар заманында ол қола құймалар болса, кейінірек қарахан дәуірінде күміс дирхем, алтын динарлар болды. Соңғысы айырбас емес, қазыналық резерв рөлін атқарған.  Алтын Орда мемлекетінде ұлттық валюта теңге болды. Ол Шыңғысханға дейінгі Қыпшақ мәдениетінен бастау алады деп айтылып жүр. Десе те, тереңірек үңілсек, тағы 3-4 ғасыр ары кетеді екенбіз. 

«Түргеш қағандығы кезінде, Түргеш қағанының қола монетасында жазу болған. Мырза Түргеш қағаны  тәңге. Тәңге кейінгі деньги орыстардың деньгасы, немесе қазіргі Евразия кеңістігін алып жатқан Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің толыққанды, заңды түрде мұрагері болып отырмыз», — деді тарихшы.

Мыңдаған жылдық тарихи алғышарты бар айырбас құралымызды мемлекеттік тілде жаза алмасақ елдігімізге сын емес пе? 

«Тәуелсіздігімізді айқындайтын істер осы теңгеден басталса өте жақсы, үйткені біз әлі де басқа ұлттың тілі жазылып тұрғанда тәуелді сияқтымыз да.  Демек сырттан келген адам болса, ол түсінбей жатса ол осы халықтың ақшасы деп. Не деп жазылып тұр, переводқа кірейікші, гуглға кірейікші деген сияқты», — дейді суретші Бейбіт Әсемгүл.

«19 ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Ресей империясы Қазақстан мен Орта азияны толықтай өз қол астына алғаннан кейін бізде теңге, тауар ақша айналым құралы дегеніміз не, ол тәуелсіздіктің белгісі. 19 ғасырдың 60 шы жылдарынан бастап біз тәуелсіздіктен толыққанды айрылдық деп айтуымызға болады», — дейді тарихшы.

Сондықтан араға 150 жылдай салып, егеменді ел болып, құлағанымызды тұрғызып, өшкенімізді жағып,  үзілгенді қайта жалғап жатқан тұста сол  тәуелсіздіктен айырған империя мұрагерлерінің қырын қарауы заңдылық та шығар бір есептен.  

«Солар ренжіген сайын мен қуанам. Демек бұл біздің тәуелсіздігіміздің нығайып келе жатқандығының белгісі», — дейді Дос Көшім.

Қазіргі теңге, ол дизайны жағынан бірнеше рет үздік банкнот болып танылды, суреттері мен айшықтарына байланысты дау жанжалдарда болды. Ол бірақ бөлек әңгіме. 

26 жыл тарихында ондаған есе құнсызданып кетсе де, теңге ол біздің төл валютамыз. АҚШ долларының қасында қауқар көрсете алмайды, тіпті көрші Ресей Рублімен де иық тіресуге әлі ерте, тым болмаса киімі мен тілі қазақшаға лайық болсын деген шығар. 

Неге десеңіз ол елдіктің нышаны. Бәлки қазір әлсіз де болар, бірақ болғаны дұрыс. Жас өспей ме, жарлы байымай ма дейді қазақ.  

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz