Теңдессіз оқиғаға куә болдық – Гүлмира Исимбаева

0

Бәрі де өз ай­мақ­тарынан баламалы негізде сай­ланған саяси белсенділігі жоғары жандар. Жоғарғы Ке­ңестің кең залына үш жерден микрофон қойылған, сөйлеуге ұмтылғандар соның алдына кезекке тұрып қалады. Әйел де­путаттардың арасындағы ең жасы мен, ал ер адамдардың ара­сындағы ең жасы Мұхтар Тінікеев болды. 

Ол кездегі Жоғарғы Кеңес­тегі саяси ахуал айтарлықтай күр­делі еді. Бір заңды бірнеше күн қа­райтын кездеріміз де жиі бола­тын. Қазіргі тәжірибемен салыс­тырсақ, бүгінгі жұмыс то­бының міндетін ол кезде жалпы отырыс атқарған екен ғой. Сондықтан пленарлық оты­рыс­та заңның әрбір бабын тал­қы­лайтынбыз, депутаттардың бәрі де өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп жататын. 

Қазақстан Республи­касы­ның Мемлекеттік тәуелсіз­дігі туралы заң жобасын пы­сық­тау үшін Жоғарғы Кеңес 

14 жел­­тоқсан күні редакциялық ко­миссия құрып, оның төра­ға­лығына заңгер Сұлтан Сар­таевты сайлады. Ре­дак­циялық комиссияға заң­гер­лер Салық Зи­манов, Нико­лай Акуев және тағы басқа білікті заңгерлер енді.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні жетіл­дірілген заң жобасы туралы Жоғар­ғы Кеңеске Сұл­тан Сартаев баяндады. Оны тал­­қылау өте қызу жағдайда өтті. 360 депутаттың 10 пайы­зы сөйлегенде де 36 адам ғой, ал бұл жолы тіпті одан да көп адам сөйлегендей болды. 

Сол алғашқы қиын қыстау кезеңде Парламенттің жалпы отырыстарына Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі де келіп жиі қатысып отыратын. Депутаттардың ең күр­делі мәселеге тіреліп, айтыс куль­минациялық шегіне жеткен­де үнемі Елбасы сөйлеп, қиын түйінді тарқататын.

Қазақстан Республика­сы­ның Мемле­кеттік тәуелсіздігі ту­ралы заңдағы ең көп талқы­ланып, қызу айтыстар туғызған: «Қазақ ұлтының өзін өзі билеу құқын растай отырып…» деп басталатын норма болды. Сол көптеген әріптестерімізге ұна­май, жеке «қазақ ұлты деп айтпауымыз керек» деп өздерінің қарсылықтарын белсенді түрде білдірді. Сондай-ақ «аумақтық тұтастық» деген ұғымға қа­тыс­ты да көптеген таластар болды. 

Осы айтыстарды естіп отыр­ған Ел­басы сөз алды. Президент айтылған мәселелер осы заңның ең түйін­ді нүктесі екенін дәлелдеп бер­ді. Содан кейін ғана біздің тал­қылауымыз бір жүйеге түсіп, заң жобасы дауысқа қоя­­тындай дәрежеге жетті. Сөй­­тіп заң жобасы дауысқа салынып, көпшілік дауыспен қабыл­данды. Елбасы мінберге көте­ріліп, бізді және барша қазақстандықтарды Қазақ­стан Республикасының Тәуелсіз­дігімен құттықтады. Сөйтіп ең бірінші құт­тықтауды Пре­зи­­денттің аузынан естіген едік. Бәріміз бір-бірімізді құт­тық­тап, құшақтасып жат­тық. Бірінші болып туған-туыс­тарымызға, дос-жар­лары­мыз­ға хабарласып, Тәуелсіздік жария­­ланғанын жет­кіздік. Бұл Алма­ты уақы­ты­­мен кешкі 8-9-дар шамасы бо­латын. 

Бірақ бәрібір ол кезде көбіміз осы оқиғаның тарихи маңызын, қадірін жете түсінбеген де бо­лар­мыз. Тек уақыт өте келе өзі­м­іздің шын мәніндегі тарихи сәт­­ке куә болып, ешбір теңдесі жоқ оқиғаға қатысқанымызды, тең­­десі жоқ құндылыққа қол жет­­кізгенімізді ұғынып, жыл өт­кен сайын, күн өткен сайын Тәуелсіздіктің қадірін жете тү­сі­ніп келеміз деп ойлаймын. 

Гүлмира ИСИМБАЕВА, 

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары 

Дереккөз: http://egemen.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз