Теміртаудан маугли-бала табылды

0
280

16 жасар баланы асырап алған анасы гаражда ұстаған. Бұл туралы оған қатыгездіктің куәсі болған қала тұрғыны айтты. Әйелдің айтуынша, жасөспірім сөйлемейді, жаза алмайды және оқи алмайды, дамудан артта қалған.

Жас бала патронаттық тәрбиеде өсіп, мектепке бармайды. Тіпті оның құжаттары болмауы да мүмкін. Оның ата-анасының қайда екені белгісіз. Полицейлер ҚР ҚК-нің 126-бабы «бас бостандығынан заңсыз айыру» және 141-бабы «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау»  бойынша тергеу жүргізеді.
http://t.me/orda_kz
Фото:  drive2.ru