Теміртауда үш жасар бала бесінші қабаттан құлап, жан тапсырды
Үш жасар бала Теміртау қаласындағы бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Оны құтқару мүмкін болмады.
Патриот Telegram арнасы жазғандай, ересектер баланың пәтерде жоқ екенін кеш анықтады.
Олар бала тұрған бөлмедегі терезені жабуды ұмытып кетті.
«Теміртау орталық ауруханасының дәрігерлері баланы өмірге қайтару үшін бар күшін салды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады», — деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Фото: unsplash