Теміртауда болған жағдайдан кейін министрлік тексеріс жүргізеді

0

https://sputniknews.kz/images/112/73/1127334.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200202/12721137/Temirtau-ministrlk-tekseris-video.html

Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған. Бұдан соң министр Мырзағалиев тексеріс жүргізіліп, қорытындысы жарияланатынын хабарлады

АЛМАТЫ, 2 ақпан — Sputnik. Теміртауда қара қар жауды. Бұл жағдайдан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаладағы кәсіпорындарды тексеретін болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. 

«Экология департаменті қаладағы кәсіпорындардың мәліметін тексеріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту шараларын қолға алады», — деп жазды Мырзағалиев.

Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы халыққа жеткізілетін болады. 

Сенбі, 1 ақпан күні жауған қара қардың видеосы Instagram-дағы Temirtau.city паблигінде жарияланған болатын. 



sputniknews.kz