Теміртауда баланы тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты – новости Казахстана

0
106

Қарағанды сотында баланы тұншықтырған тәрбиешіге прокурор ең қатал жазаны сұраған. Сот үкімі бойынша, сотталушы Үміт Пірмаханова 120 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, баланың ата-анасына 200 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

dolgi-net.ru

Көрнекі фото:dolgi-net.ru

Айыпталушы Үміт Пірмаханова кінәсін толығымен мойындап, баланың ата-анасынан кешірім сұрады.

«Істеген ісім үшін кешірім сұраймын. Бала тыным таппаған соң, ұйықтатарда иығынан басып ұстағаным рас. Жаман ойым болған жоқ, тек баланы тыныштандырмақ болғанмын», – деді Үміт Пірмаханова.

Жәбірленуші тарап соттан қоғамдық жұмыстарға тарту, 400 мың теңге айыппұл төлету немесе 40 тәулікке қамауды талап еткен. Тіпті, сол жайтты видеоға түсірген екінші тәрбиешіні де жауапқа тартуды сұраған. Алайда, екінші тәрбиеші куәгер ретінде шақырылған.

Сот үкім шығарарда айыпталушының бұрын істі болмағанын, өз кінәсін толығымен мойындағанын ескерген. Үміт Пірмаханова 120 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылып, 200 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жәбірленуші қыздың ата-анасы сот шешімімен келіспей отыр. Олар сот шешіміне апеляциялық шағым түсірмекші.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Теміртау қаласының балабақшасының тәрбиешісі ұйықтамаған баланы көрпемен тұншықтырып тыныштандырмақ болған болатын. Үміт Пірмаханованың ісі Қарағанды қаласында қаралды.