Теміртауда 60 рет пышақталған әйелдің өліміне көрші келіншек кінәлі болуы мүмкін

0

Полицейлер Теміртауда 60 рет пышақталған әйелдің жантүршігерлік өліміне күдікті адамды анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Наталья Никитина. Фото: Келіншектің архивінен/NUR.KZ

Наталья Никитина. Фото: Келіншектің архивінен/NUR.KZ

Наталья Никитинаны өлтірген өзі тұратын көп қабатты үйдегі көрші келіншек болуы мүмкін. Оның бұл қастандықты жасауына негізгі себеп қызғаныш болған.

Қазір күдікті өз әрекетін мойындаған.

Оның он айлық баласының барына қарамастан, келіншекті уақытша изоляторға қамауға алған. Ал нәрестені әжесіне тапсырған.

«Қазір 99 баптың «Адам өлтіру» тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Іс полиция департаментінің бақылауында», — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Марқұмның көршілері келіншектің Натальяға не бұлай жасағанын түсіндіріп берді.

«Ұсталған әйел жақында ғана босанған болатын. Оның баласы тоғыз айлық. Кішкентай баланың әкесі Натальяның азаматтық некедегі күйеуі. Ер адам Натальяға көрші келіншекпен опасыздық жасаған. Бұл жайында біздің подьездің бәрі біледі. Наталья марқұм азаматтық некедегі күйеуінің әрекеті үшін жауап берді», — дейді күдікті мен марқұмның көршісі Зинаида.

Ал марқұмның азаматтық некедегі күйеуінің қарындасы (ред: Лейла) олардың заңды некеде болмағанын айтады.

«Ағам оның күйеуі емес. Олар заңды некеге тұрмаған», — деді Лейла.

Айта кетейік, Наталья Никитина азаматтық некедегі ер адамды өзінің желідегі парақшасында «күйеуім» деп атаған.

Естеріңізге сала кетейік, 8 қараша күні Теміртаудағы көп қабатты үйлердің бірінің лифтісінен денесі 60 рет пышақталып, мойны сынған келіншек табылған болатын.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар