Теміртауда 37 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

0
Теміртауда 37 жастағы ер адам із-түзсіз жоғалып кетті


Теміртауда 37 жастағы Сергей Репкин 10 күннен бері із-түзсіз жоқ .

Сергейдің келіншегі Ольга Рипкина оның түнгі ауысымнан кейін үйге келмегенін айтады.

«Телефоны қыркүйекте бұзылып қалған. Содан бері телефонсыз жүр. Жұмысында деп ойладық. Таңертеңге дейін күттік. Келмеді. Сағат түскі 12:00-де бастығына хабарластық. Ол күйеуімнің түнде жұмыста болмағанын айтты», – дейді Ольга Рипка.

Ольга күйеуін алдымен өзі іздеп, кейін полицияға арыз түсіргенін айтады. Сергей Рипкин 20 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бойы – 170, көзі – жасыл, шашы – қара, ернінің оң жағында жырық бар. Келіншегі қандай да бір ақпарат білетіндерге 102 немесе 87783662681 нөміріне хабарласуын өтініп отыр.

Дереккөз: sn.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз