Теміртау тұрығын көлігінің несиесін төлемеу үшін оның ұрланғаны туралы жалған хабар таратқан — Қазақстан жаңалықтары
Теміртау қаласының тұрығыны көлігінің несиесін төлемеу үшін қулық жасамақ болған. Ол темір тұлпарының ұрланғаны туралы жалған хабар таратыпты, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz.
11 наурызда қалалық полиция басқармасына қарасты Ескі қалалық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны хабарласып, жалпы құны 10 миллион теңгеден асатын «Тойота Камри В2» автокөлігінің ұрланғаны туралы шағымданған. Артынша ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліпті.
«17 наурызда полиция қызметкерлерімен көліктің иесі анықталып, оның көліктің несиесін төлемеу үшін өзге бірлеулер автокөлігін ұрлап әкеткендігі туралы жалған хабарлама бергендігі анықталды», — делінеді хаабрламада.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 419-бабы 3-тармағы (Жалған ақпарат беру) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетінін ескертеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz