Теміртау тұрғыны Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеуі екеуін үйлендіргенін еске алды — новости Казахстана

0

Теміртаулық Тамара мен Вячеслав Кудриндердің үйлену тойлары ерекше өткен. Себебі жас жұбайларды Қазақстанның тұңғыш президенті Нұлсұлтан Назарбаев үйлендірген. Бұл туралы BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

akorda.kz

Фото:akorda.kz

Валентина Ваганова/BNews.kz

Фото: Валентина Ваганова/BNews.kz

Тарих бетінде қалған үйлену той 1969 жылдың 13-ші желтоқсанында өткен. Қазір Тамара Кудрина 69 жаста болса да, ол күн есінде жақсы сақталыпты.

«Біз 1969 жылы 13-ші желтоқсанда үйлендік. Ең жақын туған-туыстарымыз жиналды. АХАЖ-ға таксимен бардық, ол кезде лимузиндар жоқ еді. Машинаға алдын ала тапсырыс біргенбіз. «Волга» көлігіне отырып, улап-шулап АХАЖ-ға аттандық», — деп есіне алды Тамара Кудрина.

Сол күні АХАЖ-да үйленетін 20 шақты жұп болыпты. Ол кезде Теміртау жастар қаласы болып есептелінетін. Жан-жақтан келген жастар металлургиялық комбинатта жұмыс істеген екен.

«АХАЖ-да кезек күтуге тура келді.Жаңа жылдың қарсаңында үйленем деушілер көп болды. Жұптарды кезегімен шақырып жатты, ал бізді шақыратын түрлері болмады. Содан кейін біздің жанымызға адамдар келіп, біз деректі фильмге түсетін таңдаулы жұптардың құрамына енгенімізді хабарлады», — деп есіне алды Тамара.

Жастарды қатарға тұрғызып, комсомолдың бірінші хатшасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, бақытты ғұмыр тілеп, салтанатты түрде неке куәліктерін табыстаған.

Неке қию салтанатын операторлар видеоға түсіріп, кейін бұл сюжеттер «Белгісіз Нұрсұлтан Назарбаев» тарихи фильміне енген, фильм режиссерлері қазақстандықтардың әртүрлі кезеңдегі өмірлерін көрсетуге тырысқан.

Валентина Ваганова/BNews.kz

Фото: Валентина Ваганова/BNews.kz

Ол фильмді Тамара кездейсоқ, 15 жылдан кейін көріп, қайтадан сол қуанышты сәттерге оралған.

«Қашан көргенімді нақты айтта алмаймын. Одан бері бес жылдай өтіп кетті. Жұбайым ол кезде қайтыс болған болатын.»Комсомолец» кинотеатрында бір фильмнің алдында Қазақстанның кинохроникасын көрсетті. Сол кезде осы фильмді көріп қалдым. Слава, өкінішке қарай, бұл фильмді көре алмады. Мен қайтадан сол той күніне оралғандай болдым», — деді Тамара.

Тамара мен Вячеслав бірге бақытты он жыл өткізген екен. Сол уақыт аралығында екі қызды дүниеге әкелген. Қазір бір немерелері бар екен. Тамараның күйеуі Вячеслав 1980 жылы ауыр дерттен қайтыс болыпты.

Қазір Нұрсұлтан Назарбаев жас жұбайларға тілек айтып, ақ батасын берген сурет арнайы жақтауға салынып, көрінетін жерде тұр екен.