«Темекіге ақша қалдыршы». Павлодарда ақша сұраған полиция қызметкері қайыршылық үшін жұмыстан шығарылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысындағы бақылау-өткізу бекетінде ақша сұрап жүргені видеоға түсіп қалған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде қызу талқыланған видеода полиция қызметкері Германиядан Семейге келе жатқан транзиттік жүк көлігі жүргізушісіне жақындап, темекіге деп ақша қалдыруды сұрағаны көрінеді.

«Тек шын жүректен, досым», — дейді полиция қызметкері.

Павлодар облысының полиция басқармасы оқиғаның орын алғанын растады.

«2020 жылдың 12 сәуірінде Telegram әлеуметтік желісін бақылау барысында Германиядан Семейге Екібастұз облысындағы Шідерті ауылының №4 санитарлық посты арқылы келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі түсірген видео жарияланған. Осыған байланысты маған Павлодар облысы ПД-нің ішкі қауіпсіздік басқармасына зерттеу жүргізу жүктелді», — дейді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Оның айтуынша, видеоға түсіп қалған полиция қызметкері жұмыстан шығарылып қана қоймай, әкімшілік жазаға тартылады.

«Шұғыл әрекет ету тобының қызметкері Ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылады. Сонымен қатар, оған қатысты Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық Кодексінің 449-бабы «Қайыршылық» бойынша іс қозғалды. Сондай-ақ, оның командиріне қазақстандық полицияны ұятқа қалдыратын, кәсіби кадрларды таңдай алмауы үшін қазіргі орнында қалу-қалмауы қарастырылатын болады», — деді Мәсімов.

Облыстың бас полиция қызметкері мұндай жұмысшыларға полиция қатарында орын жоқ екенін айтып, мұндай фактілер қатаң түрде жойылатынын айтты. Бұл туралы бүгін брифингте Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов та айтып өтті. 

«Менің ойымша, мұндай фактілер жиі орын алмаса да, кез-келген жағдайда мұндайға жол бермейміз», — деді Есімханов.

 

stan.kz