Темекі шегушілерде COVID-19 вирусын жұқтыру қаупі жоғары — ғалымдар — Қазақстан жаңалықтары

0

Ванкувердегі британдық Колумбия университетінің канадалық ғалымдары темекі шегушілер мен созылмалы обструктивті өкпе ауруы  бар адамдарда коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі еуропалық  European Respiratory Journal ғылыми журналына сілтеме жасап.

Мамандар темекі тастаудың жаңа әдісін айтты

Зерттеу нәтижелері темекі шегетін адамдарда, сондай-ақ созылмалы обструктивті өкпе ауруы бар адамдарда ангиотензин-түрлендіретін фермент 2 деңгейі жоғарылағанын көрсетті. Бұл ақуыз өкпе жасушаларының бетінде орналасқан және SARS-CoV-2 үшін кіру қақпасы ретінде қызмет етеді. Осы ферментпен байланысқан коронавирус адам жасушаларына еніп, оларды жұқтырады.

Зерттеушілер тыныс жолдарының жасушаларының бетінде ACE-2 ақуыз молекулалары қаншалықты көп болса, вирустың енуі соғұрлым жеңіл болады деп түсіндіреді. СОӨА-мен ауыратын науқастар, сондай-ақ темекі шегетіндер, жұқтыру қаупін азайту үшін, әсіресе, карантинді және жеке гигиена ережелерін мұқият сақтау керек деп ескертеді ғалымдар.

«Бір қызығы, темекіні тастаған адамдарда ACE-2 ақуызының концентрациясы ешқашан темекі шекпейтіндермен бірдей деңгейде болды. Бұл өкпеде кейбір өзгерістер қайтымды болатындығын білдіреді», — деді зерттеу жетекшісі Дженис Леюнг.

Сарапшы коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі адамдарға темекі шегуді біржола тоқтататын уақыт екенін жеткізді.

Осыдан бір күн бұрын Блохин атындағы қатерлі ісік зерттеу орталығының алдын-алу бөлімінің бастығы Владимир Левшин темекі шегушілердің COVID-19 вирусынан емделуі қиынырақ деген пікір білдірді.

«Бес жылдан алты жылға дейін темекі шегетін кез-келген адам, ең болмағанда, созылмалы бронхитпен ауырады. Ал созылмалы бронхит болған кезде пневмония қаупі бірнеше есе артады», — деді Владимир Левшин.

 

stan.kz