Тележүргізуші Артур Платонов лауазымды қызметке тағайындалды

0
69
Сурет: inform.kz сайтынан алынды

Ол «Нұр Отанның» партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Артур Платонов «Нұр Отан» партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды», — деп жазды Байбек.

Комитеттің бұрынғы басшысы мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысына ризашылығын білдірді.