Телекөпір арқылы іске қосылған зауыт жылына 200 мың теміржол дөңгелегін шығарады

0

Фото: Автор

Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде жылына 200 мың теміржол дөңгелегін өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Жоғары технологиялы зауыт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірінде жұмысын бастады.

Жаңа кәсіпорынның ерекшелігі сол, жобаның арқасында зауыт ипортқа тәуелділіктен арылды. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сала мамандарының айтуынша, теміржол саласына қажет бөлшектерді шығаратын кәсіпорын Орталық Азиядағы жалғыз.

«Бірегей кәсіпорынды іске асыруға 54 млрд теңге жұмсады. Қазақстанның Даму банкі тарапынан бөлінген несие 36 млрд теңгені құрады. Зауыт өндірістік қуатына толық көшкен соң жұмысшылардың штаты 1000 адамға жетеді. Өндірілетін өнімнің үштен екі бөлігі сыртқы нарыққа тасымалданады. Яғни, 70%-ы — Ресейге, 27,5%-ы ішкі нарыққа арналған», — дейді кәсіпорынның басқарма төрағасы Дәулет Сыздықов.

Мамандардың айтуынша, Ерібкстұз өңірі теміржол желісіне жақын орналасқандықтан, өнімді тасымалдау бойынша қиындықтар болмайды. Бұл – өндіріс ошағының экспорттық әлеуеті зор деген сөз.

Облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриаландыру картасының екінші бесжылдығы шеңберінде 41 жоба жүзеге асырылмақ. Жалпы құны 1,2 трлн. теңге. Сәтін салса, 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.

Айта кетейік, Екібастұз өңірінде теміржол кластері құрылды деуге негіз бар. Аймақта салаға қажет бөлшектер шығаратын бірнеше кәсіпорын бар. Соңғы рет ашылған ошақ теміржол осьтері және трамвай локомотивтерінің құрамдас бөліктерін шығарады.

Фото: Автор














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ