Telegram Дуров ұсталғаннан кейін саясатын өзгертті

0

Бұған дейін Telegram-дағы чаттар жеке деп есептеліп, мұндағы шағымдар қарастырылмайтын. Енді құқыққа қайшы контент туралы модераторларға шағымдануға болады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі «РБК» басылымына сілтеме жасап.

Енді Telegram-да чаттар мен жеке топтардағы «заңсыз контент» туралы модераторларға хабарлауға болады. Бұл туралы жиі қойылатын сұрақтар бөлімінде жазылған.. Бұған дейін ол жерде «Telegram-ның барлық чаттары мен топтық чаттары жеке боп есептеледі және мессенджер әкімшілігі олармен байланысты ешқандай сұрауларды қарастырмайды» деп жазылатын.

«Енді бұл бөлімде «Telegram-ның барлық бөлімінде «шағымдану» батырмалары бар, осы арқылы заңсыз контент туралы модераторларға хабарлауға болады. Ол үшін хабарламаны басып тұру қажет, сонда пайда болатын мәзірде осы батырма болу керек», — делінген хабарда.