Телефонын ваннаға түсіріп алған 11 жастағы қыз тоққа түсіп көз жұмды

0

Ресейдің Рязань қаласында 11 жастағы қыз тоққа қосылып тұрған телефонын ваннаға түсіріп алған. Салдарынан ол тоққа түсіп көз жұмды.

Қыздың денесін ата-анасы 22 сәуірде күндізгі уақытта тапқан.

Тергеу комитетінің мәліметінше, телефон тоққа қосылып тұрған. Оқушы қыз телефонды ваннаға түсіріп алып, тоққа түсіп қалыпты.

Аталған факті бойынша тергеу басталды.

stan.kz