Телефоннан музыка тыңдап, ұйықтап кеткен жігіт мерт болды (фото) — новости Казахстана

Таиландтың Чонбури қаласында 24 жастағы Критсада Супол есімді жігіт музыка тыңдап жатып қайтыс болды деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:iPhones.ru
Жігіт ұялы телефоны қуатталып жатқанда музыка тыңдамақ болған. Бірақ сол кезде оны тоқ ұрып өлтірген.

Фото: ViralPress
Таңертең пәтер иесі жігіттің мәйітін тапқан. Оның құлағында күйік белгілері болыпты.
Полицейлер бұған Критсада пайдаланған арзан қуаттау құрылғысын кінәлап отыр.

Фото: ViralPress
Олар өндіруші компаниялар шығарған құрылғыларды пайдалануға кеңес берді.
Дереккөз: kaz.nur.kz