Телефонды суға түсіріп алған. ММА чемпионы ваннада көз жұмды

Оқиға 8 желтоқсан күні болды. Қызды шомылып жатқанда тоқ ұрған
АСТАНА, 11 желтоқсан — Sputnik. Панкратионнан Ресей чемпионын ваннада тоқ соғып, көз жұмды. Бұл туралы РИА Новостиге Панкратион федерациясы Ангарск бөлімінің басшысы Әбдуләтіп Қазбеков хабарлады.
Оқиға 8 желтоқсан күні болған. Оның айтуынша, қыз ваннада қуаттағышқа қосулы тұрған телефонмен сөйлескен.
«Ол телефонды абайсызда суға түсіріп алып, тоқ соғып қаза болды», — деп хабарлады агенттіктің ақпарат көзі.
Қазбеков федерация қыздың туыстарына көмек көрсету туралы мәселені қарастыратынын айтты.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/