Текеліде антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жаттығудың мақсаты — адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіпті жағдайлар туындаған мезгілде, бірлесіп жұмыс жасауды шыңдау болып табылады.
Алматы облысының Текелі қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы террорзиммен күрес жедел штабы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Жаттығудың мақсаты — адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіпті жағдайлар туындаған мезгілде, бірлесіп жұмыс жасауды шыңдау болып табылады.
— Оқу-жаттығу шараларын жүргізу барысында бірқатар шектеулер қойылуы мүмкін: қала көшелері жартылай жабылып, көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылуы ықтимал, — делінген хабарламада.
Қала тұрғындарынан өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтау сұралады.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz