«Тек өлген адам ғана батыр болады», – дейтін кеңестік түсініктен арылайық

0
296

БӘРІ ДЕ БАТЫР

Тараз маңындағы жарылыс кезінде менің інім сол маңда болған. Өз көлігімен Алматыдан Шымкентке қайтып бара жатқан болатын. Олар тура сол жарылыс болатын қойма маңында көліктеріне бензин құю үшін аялдайды.

Қасындағы екі серігі де аяқ суыту үшін көліктен түседі. Сол кезде алғашқы жарылыс болады. Бір пәсте айналаның бәрі қара түнекке оранады. Май құю бекетінің тас-талқаны шығады.

Шаң-тозаңнан бұлар да бір-бірін көрмей қалады. Екеуі көліктеріне мініп үлгереді. Үшінші серіктері жоқ. Апат аймағын артқа тастап, жолға шығады. Сол кезде үшінші жолдастарының жол бойымен Тараз қаласына қарай қашып бара жатқанын көреді. Ол жігітті мен де танимын. Жүректі болатын. Соның өзі әлгі алай-түлейде есінен айырылып қалған. Інім: «Біз сол от арасынан қашып бара жатқанда өрт сөндіруші көліктер бірінен кейін бірі әлгі от ортасына кіріп бара жатты. Нағыз батыр солар екен», – деді.

Иә, нағыз батыр солар. Ендеше батырларымызды бағалайық. Алаламайық. «Тек өлген адам ғана батыр болады», – дейтін кеңестік түсініктен арылайық. Аман қалған батырларымыз да өз бағасын алсын. Өмірден озған бауырларымызға мектеп, көше аттары берілсін.

Кейінгі ұрпақ соларға қарап бой түзейді. Мемлекет те өз биігінен көрінеді. Президент те.

Құдияр Біләл, Facebook