“Техас штатының құрметті азаматы»: Мадина Сәдуақасова өнер жолындағы алған атақтарын көрсетті

0

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова осы күнге дейін өнер жолында алған атақтарымен мақтанды. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сахнада жүргеніне 30 жылға жуықтаған.

“Серпер” жастар сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының президентінің алғыс хаты, Техас штатының құрметті азаматымын”, – деп жазды өнер иесі.

Атақтарының ішіндегі ең ерекшесі әрі ел назарын аударған марапаттың бірі – “Техас штатының құрметті азаматы”. Бұл туралы өнер иесі былай деген еді.

“Ол атақты алғаным рас. 2012 жылы Қазақстаннан бір топ делегация Американың Хьюстон қаласына өнер фестиваліне бардық. Сол жерде халық әні “Бір баланы” орындадым. Ән басталғаннан көрермен жылады. Концерт біткеннен кейін 4-5 адамды қаланың мэрі шақырды. Бізге рақмет айтып, “Қазақстандық әншіге “Техас штатының құрметті азаматы” деген атақты сыйлағымыз келеді” деп сол жерде табыстады. Ол кезде мән бермеппін. Түрікменстаннан келген әнші қыз: “Мадина, сенде қағазы бар ғой, маған орденіңді бересің ба” деп сұрады, мен қолын қайтарғым келмей, сол жерде сыйлап жібердім. Кейін барып түсіндім, ең құрметті атақтардың бірі екенін”, – деді әнші.

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/