Тегін тамақ үшін төбелескен жұрт желіні шулатты

0

Әлеуметтік желіде тегін палауға таласқан жұрттың видеосы кең тарап, қызу талқыға түсті.

Наурыз мейрамына орай киіз үйлер тігіліп, тегін тамақ таратылды. Алайда тегін таратылған тамақтың арты дауға ұласты. Киіз үйге кіруге асыққан халық айғай-шу шығарып, бір-бірін таптап өтуге дейін барды.

Желі қолданушылары жерлестерінің ерсі қылығын қатаң сынға алып жатыр.