Тегі қазақ болгариялық әнші Қытайдың Singer байқауының фавориті болды — Әуен
Тегі қазақ болгариялық әнші Кристиан Костов Қытайдың Singer байқауының фавориті болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, орындаушы 2017 жылғы Евровидение байқауының финалына дейін жеткен еді.
Ал Қытайдағы байқаудың бірінші кезеңі 11 қаңтарда өтті. 18 жастағы Костов Beautiful Mess әнін орындады, бұл композициямен ол Евровидение байқауының екінші орнын алған болатын. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ол төртінші орынды алып тұр.
Кристиан Костов Мәскеуде туып-өскен, әкесі Константин — болгар, анасы Заура — қазақ. 2017 жылы ол Болгарияның атынан Киевте өткен Евровидениге қатысып, екінші орын алған.
Қытайдағы рейтингі жоғары Singer шоуы Қазақстанда 2017 жылы Димаш Құдайберген қатысқан сәттен бастап танылған еді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz