Тегеран түбінде ұшақ апатқа ұшырады: 15 адам көз жұмды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

119 0 0

Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы «Пайам» әуежайына бет алған

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Тегеран түбінде болған ұшақ апатынан 15 адам қаза тауып, тек біреуі аман қалды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы «Пайам» әуежайына бет алған. Алайда қателесіп сол қаладағы «Фатх» әуежайына қонады. Қону кезінде ұшқыш әуе кемесін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, адамдар тұратын ауданға кіріп кеткен. 

«Бортта болған 16 адамның арасында тек ұшақ инженері ғана аман қалды», — делінген хабарламада. 

Fars агенттігі хабарлағандай, апат болған орындағы ғимараттарда тұратын адамдардың тағдыры әлі белгісіз. 

«Манас халықаралық әуежайы» ААҚ баспасөз хатшысы Әлия Құрбанова ұшақтың Иран әуе компаниясына тиесілі екенін және Бішкектен чартерлік рейс орындағанын мәлімдеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/