театрлардың үздік қойылымдары онлайн көрсетіледі

0
10

Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Бүгін – Дүниежүзілік театр күні. Осыған орай, «Россотрудничество» өкілдігі, Sputnik Қазақстан және қазақстандық театрлар жаңа онлайн-жобаны іске қосты

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Елімізде карантин енгізілді. Осыған байланысты театр, көрме және концерт залдары жабылды. Мектеп пен жоғары оқу орындарында сабақтар уақытша тоқтатылды. Оқушылар мен студенттер үйде отыр. Ал емтихан мен сынақтарды қалай болғанда да тапсыруға тура келетінін ойлағанда, көңілдері түсіп кетуі деп мүмкін.

Бұл ретте оларға Ресей ынтымақтастығы өкілдерінің бастамасына үн қосқан Қазақстанның жетекші театрларының директорлары мен режиссерлері және актерлер көмек көрсетпек.

Біріншіден, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ олардың ата-анасы қазірдің өзінде әртүрлі кезеңде қойылған үздік қойылымдардың видеожазбаларын театрлардың әлеуметтік желісінен тегін көре алады.

Екіншіден, театрлар арнайы роликтер дайындайды. Ол жерде жетекші актерлер орыс, қазақ және шетел жазушылары мен драматургтерінің шығармаларын орындайды және көрсетеді. Ең алдымен мектеп бағдарламасына кіретін романдар, повестер, пьесалар, поэмалар орындалады.

Мұның барлығы 7 сәуірде басталатын мектеп бағдарламасының негізгі пәндері бойынша Ресей ынтымақтастық өкілдігінің үлкен виртуалдық білім беру жобасының құрамдас бөлігі болады (трансляциялар туралы мәліметтер жақын арада Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің сайтында жарияланады kaz.rs.gov.ru).

Бір сөзбен айтқанда, бұл жобаның мақсаты – балаларға карантин күндерінде жақсы көңіл күй сыйлау, сонымен қатар алдағы емтихан, байқау, олимпиадаларға дайындалуға көмектесу, әдеби туындылардың мазмұнын тереңірек түсініп, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.

Сонымен қатар бұл жоба Sputnik Қазақстанның «Театр және жастар» кең ауқымды интерактивті жобасының өзіндік дамуына үлес қосады: ru.sputniknews.kz/theaters

Акция серіктестері Sputnik Қазақстан мен танымал «Комсомольская правда» және «Аргументы и Факты» басылымдарының редакциялары.

Ақмола облыстық орыс драма театры

YouTube – www.youtube.com

Instagram – www.instagram.com

М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

сайт: www.tl.kz

Facebook: www.facebook.com/lermontov.theatre

Instagram: www.instagram.com/lermontov

YouTube: www.youtube.com/channel

ВКонтакте: vk.com/lermontov.theatre

С.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры

сайт: stanislavsky.kz

YouTube: www.youtube.com

Нұр-Сұлтан қаласы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

сайт: rtd.kz

Facebook: www.facebook.com/GorkyTheatre

ВКонтакте: vk.com

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры

сайт: tuz-temirtau.kz

Facebook: www.facebook.com/temirtau.tuz

Instagram: instagram.com/temirtau.tuz

ВКонтакте: vk.com/temirtau_tuz

Шымкент қалалық орыс драма театры

сайт: teatr.com.kz

ВКонтакте: https://vk.com/public66765653

Facebook: https://www.facebook.com/groups/1469694413360849/

Instagram: https://www.instagram.com/shymkent_dramteatr

YouTube: https://www.youtube.com/channel/UCKpdglCPMsEzedBFWoasSlA?view_as=subscriber

Бұл жобаның көп ұзамай біз індетті жеңіп, қалыпты, театрсыз елестете алмайтын өмірге оралған кезде де сұранысқа ие болатынына сенімдіміз.

Қымбатты достар, Дүниежүзілік театр күні құтты болсын!



sputniknews.kz