«Театр емес, түнгі клуб дерсің»: Театр сахнасында шешінген актриса сынның астында қалды (ВИДЕО)

Желіде тараған видеода Атырау қаласындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы көрсетілген.
Қойылымда өткен уақыт пен қазіргі кезеңнің әсеріне еліткен жастардың бейнесі көрсетілген. Алайда, қойылымда актрисаның сахнада шешініп, шылым шеккені көрерменнің наразылығын тудырды.
Қазақы менталитетке сай келмейтін көріністерді көрген көпшілік әлеуметтік желіде ашық пікірлерін білдіріп, қойылымды сынады. «Порнотеатр», «Тәрбиесіздік», «+18 театр», «Сахнасы әдепсіз», «Театр емес, түнгі клуб» сияқты сындар желіде белең алды.
фото: видеоскрин