Тәжікстанда ұлттық мәдениетке жат киімдерді киюге тыйым салды

0

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ұлттық мәдениеттің құндылықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңдарға қол қойды.

Олардың ішінде «мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» Заң «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салуды көздейді. Сонымен қатар, құжатта қандай киімге рұқсат етілгені көрсетілген.

«Бұл заң жобасын Тәжікстан Президенті Парламентке енгізді және оны төменгі палата депутаттары қабылдады. Бұл заңды сақтамағаны үшін айыппұл салынады, бірақ киімнің қандай түрлері «ұлттық мәдениетке жат» болып саналатыны және сатуға және киюге тыйым салынатыны әлі нақты көрсетілмеген»,
деп «Азия-Плюс» жазады.

Заңның ережелері Тәжікстан қоғамының наразылығын тудырды. Ел азаматтары қауіпсіздік күштері хиджаб киген әйелдерге ескерту жасай бастады деп шағымданады.