Тәжікстанда түрмеде содырлар бүлік шығарды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Колония басшылығы қатаң шара қабылдап, абақтыны күшпен бақылауға алуға мәжбүр болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Душанбеде жексенбіге қараған түні жазасын өтеп жатқан бір топ содыр бүлік шығарып, түрменің үш күзетшісін өлтірді.

Бүлік Тәжікстан астанасы Душанбеден 15 шақырым жерде орналасқан колониядан шыққан, деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы облысындағы түрмеде кісі өлімі болды: оқиғаның мән-жайы

Жазасын өтеп жатқан бүлікшілер ДАИШ экстремистік ұйымына мүше болғаны үшін сотталған екен. Олардың барлығы пышақ және басқа да өткір заттармен қаруланған.

«Шамамен 30 адам өздерін босатуды талап етіп, үш қарауылды кепілге алып, өлтіріп тастады», – делінген Тәжікстан әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Түрме басшылығы тұтқындармен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізген. Алайда бүлікшілер колония әкімшілігінің қызметкерлеріне тағы да шабуыл жасап, салдарынан кейбірі жарақат алды.

Қарағанды облысында сотталғандар бүлік шығарғаны рас па – министрліктің жауабы

Осыдан кейін түзеу мекемесінің басшылығы қатаң шара қабылдап, абақтыны күшпен бақылауға алуға мәжбүр болды. Тұтқындардың кейбірі көз жұмды, олардың саны нақтыланып жатыр.

«Қазіргі таңда Вахдат колониясында жағдай тұрақты және бақылауға алынды», -деп хабарлады Тәжікстанның әділет министрлігі.

Жазықсыз 39 жыл түрмеде отырған қария ақталып шықты

Құқық қорғау органдары осы факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз