Тәжікстан шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуылдады: 17 адам өлді
Қысқа сілтеме алу
Қарулы топты жою бойынша арнайы операция кезінде бір милиционер мен бір шекара қызметкері қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Сәрсенбіге қараған түні тәжік-өзбек шекарасында шекара бекетіне шабуыл жасаған он бес қарулы содыр оққа ұшты, тағы бесеуі ұсталды.
Душанбе қаласынан 60 километр жерде орналасқан «Султанабад» жасағының №4″Ишкобод» шекара бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) шекара әскері басқармасына сілтеме жасап.
Барлық мүшесі бетперде киген бандалық топ бес автомат қаруын қолға түсірген. Дегенмен шабуылдаушыларды шекарашылар мен милиция қоршап алды.
«Қауіпсіздік күштері жүргізген операцияның нәтижесінде қоршауға алынған қарулы қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды, бесеуі ұсталды», — деп хабарлады ҰҚМК баспасөз қызметі.
Атыс кезінде күш құрылымдарынан екі адам – шекарашы мен полиция қызметкері қаза тапты.
Сол екі арада Өзбекстан шекара қызметі бұл шабуыл туралы білетіндерін айтып, тәжік әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, жағдайды реттеп жатқандарын мәлімдеді.
Тәжікстанның Өзбекстанмен мемлекеттік шекарасының ұзындығы 1,33 мың километрден асады.
sputniknews.kz