«Таза Қазақстан»: Бір жылда 1,6 млн түп ағаш егілді
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» бастамасының бір жылдағы нәтижесін баяндады.
— «Таза Қазақстан» бастамасының аясында 2024 жылы кешенді шаралар қабылданды. Нәтижесінде 2019-2023 жылдары орта есеппен 62 экологиялық акция өткізілсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 183-ке жетті. Егер өткен 5 жылда акцияларға 2,4 млн адам қатысып, 900 мың тонна қоқыс жиналып, шамамен 2,5 млн жасыл желек отырғызылса, 2024 жылы экологиялық акцияларға 6,2 млн адам қатысып, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды, шамамен 1,6 миллион ағаш егілді, — деді министр.
Министрдің сөзінше, бұл нәтижелер «Таза Қазақстан» акциясының жемісті болып отырғанын көрсетеді.
Бұған дейін «Таза Қазақстан» акциясында миллион тоннаға жуық қоқыс шығарылғаны айтылған еді.