Тәулік ішінде 239 адамның індет жұқтырғаны расталды

0

Республика бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 13 558 адамға жетсе, оның ішінде 8 345 науқас сауығып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 239 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болып, өсім 1,8%-ке жетті, деп хабарлайды жедел штаб.

«Ең көп жағдай Қарағанды ​​облысы — 52 (4,2%), Шымкент қаласында — 30 (3,0%), Нұр-Сұлтан қаласында — 27 (1,1%) және Алматы қаласында — 18 (0,6%) тіркелді», – делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

  • Ақтөбе облысы — 17 (4,0%)
  • Батыс Қазақстан облысы — 15 (1,7%)
  • Қызылорда облысы — 14 (3,0%)
  • Маңғыстау облысы — 14 (4,1%)
  • Алматы облысы — 13 (2,8%)
  • Шығыс Қазақстан облысы — 11 (5,4%)
  • Павлодар облысы — 10 (3,5%)
  • Атырау облысы — 5 (0,4%)
  • Жамбыл облысы — 5 (1,1%)
  • Түркістан облысы — 5 (1,2%)
  • Ақмола облысы — 2 (1,1%)
  • Қостанай облысы — 1 (0,5%).

Жалпы ел бойынша аталған індет салдарынан 67 адам көз жұмды.



sputniknews.kz