Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазған қаласында 90 отбасы баспаналы болды

0

Тәуелсіздік мерекесінде Жезқазған қаласында 90 отбасы пәтер кілттеріне ие болды деп хабарлайды Жезқазған қаласының әкімдігі.

Жезқазған қаласы, Халықтар достығы мен мәдениеті сарайында салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.

Пәтер кілттерін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы Нұрым Ысқақов, «Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” ММ басшысы Аслан Арынов табыстады.

Баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілді. Пәтер алушылардың қатарында көпбалалы аналар, жетім балалар, әлеуметтік осал топ санатындағы жандар бар.