Тәуелсіздік күніндегі митингілер: 55 адам ұсталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг қатысушылары әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін

 

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Полиция 16 желтоқсан — республиканың Тәуелсіздік күні жиналған рұқсат етілмеген акциялардың 55 қатысушысын ұстады, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«16 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер ұйымдастырылды. Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кейбір азаматтар арандатушылыққа ұшырап, заңсыз акцияларға қатысты. Қатысушылар билік органдарының заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарын орындамағандықтан, Нұр-Сұлтан қаласында 32 адам, Алматы қаласына 23 адам полицияға жеткізілді», — делінген салалық ведомство мәліметінде.

Тағы оқыңыз: 16 желтоқсандағы заңсыз митинг: Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан астанасында ондаған азамат Республика даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жиналып, рұқсат етілмеген митинг өткізді.

Ал Алматы қаласында осыған ұқсас акция Қазақстан Тәуелсіздігі монументінің жанында өтті.

«Жергілікті атқарушы органдардың митингілер өткізу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы ескертулеріне қарамастан, жиналғандар Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы көшелеріндегі шеруді жалғастырды. Осылайша, олар мереке күні азаматтардың тыныштығы мен демалысын бұзды», — делінген мәліметте.

Қазіргі таңда олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.



sputniknews.kz