Тәуелсіздік күнінде Қытайдағы қандастарымызды қайтара алмасақ, егемендігімізге сын

0
89

Тұғыры биік тәуелсіздігіміздің биыл 27 жылдығы атап өтілмекші. Алматыдағы Есентай Mall жаңа жылды тойлауға дайындықты бастап кетсе де, көкірегі ояу қазақ Тәуелсіздікті тойлауға күн санап жүргені анық. 16 желтоқсанға тура бір ай қалғанын ескере отырып Қамшы редакциясы фейсбукте орыс тілінде жарияланған қоғам белсендісі Гүлжан Ерғалиеваның жазбасын мемлекеттік тілге аударып, талқыға ұсынады.

Гүлжан Ерғалиеваның фейсбугінен:

Тәуелсіздік мерекесіне де келіп жеттік. Бұл мерейлі датаны әркім әртүрлі қабылдауы мүмкін. Дегенмен ортақ бір дүние бар. Ол біздің мемлекет, халық екендігіміз! Дүниежүзілік қауымдастықтың субъектісіміз!
Күнтізбеде қызылмен белгіленген мерекелер ғана мұны еске салмайды. Мінез-құлқымыз, ар-намысыз, тарихымыз – барымыз да, нарымыз. Осы құндылықтар көзімізді шел басып, тура жолдан адасуымызға әрқашан бөгет болады.

Қазақ халқы жүз жылда небір қайғы-қасіретті басынан кешті. Ашаршылық зұлматы, қуғын-сүргін, ұлт ретінде кемсітулер… Дәл мынандай қорлықтан кейін кез келген басқа халық ұлт, мемлекет ретінде жойылып та кетер ме еді.  Бірақ біз әлсіздердің қатарынан емеспіз. Оған қазақ деген атымыздың, затымыздың әлемнің тарихи жауқазындарында аталуы куә. Ендеше кімнен және неден қорқамыз?

Егер біз шын мәнісінде азат ел, тәуелсіз мемлекет болсақ, қиындықты жеңуге міндеттіміз! Бүгінгі әңгіме Қытайдағы қазақтар хақында. Қытай аумағында тұратын қандастарымыздың, мұсылмандардың басындағы қайғы-мұң ой-санаға әсер етпей қоймайды. Қазағымыздың Қытайға ауа көшуінің себебі баяндалған тарихи құжаттар жетерлік. Бабаларымыздың бұл көшуін «қаралы көш» дегеніміз дұрыс шығар. Себебі бас сауғалап, Қытайға бет алған олардың 30%-ы ғана аман-есен діттеген жеріне жетеді.
…Сол бабалардың бүгінгі ұрпағы тарихи Отанның иесі, яки бізден көмек сұрап, «Бізді, жақындарымызды құтқара көріңдер!» деп көз жастарын көл қылуда. Өзге елде жағдайы ушыға түскен бауырларымыз бізден көмек сұрайды. Тіпті бала-шағаларына дейін Қазақстан халқынан жыламсырап, Қытай лагерінде қайта тәрбиеленіп жатқан әке-шешесін аман алып қалу үшін көмек қолын күтеді.
БҰҰ, жалпы әлем Шыңжандағы мұсылмандардың мүшкіл хал мәселесін көтеріп жатыр. Дүниежүзілік БАҚ шулап жатыр! Ақорда алдында балалар отыр, Назарбаевқа жалынып… Ендігі көмекті кімнен және қалай сұрау қажет?!

Сондықтан да барлық саяси партияларға және қазақстандық қоғамға үндеу тастаймын. Биылғы тәуелсіздік мерекесін «Қайтару көші» деген ұранмен өткізейік! Қайталап өтейін, егер біз шын мәнісінде азат ел болсақ, қандастарымыздың қауіпсіздік мәселесін республикалық маңызды мәселе деңгейіне көтеріп,  Қытайдағы қазақтардың Атажұртқа аман-есен көшуі үшін қазақ-қытай келісімін жасасу үшін басымызды бәйгеге саламыз. Өз қазағымыздың құқығы Қазақстан Конституциясы бойынша қорғалуы үшін… Бұл келісімнің детальдары, нормалары мемлекеттік органдардың мойнында болсын. Бастысы, 2018 жылдың 16 желтоқсанында барша қауымды қандастарымыздың жанайқайына құлақ түріп, оларға қолдау көрсетуді ниет етіп көмектесу мақсатында неше түрлі халықтың іс-шаралар өткізуге шақырамын.

«Нұр Отан – негізгі түбірің Отан ғой, Онымен қоймай, НҰРсың! Ендеше сәулеңді шаш, айналаңды нұрландыр! Бүгін Қытайдағы 1,5 миллион қазағымыздың елге оралуы ертең 50 миллион қысық көздің бізге үрке қарауына себеп бола алады».

«Қамшы» сілтейді