Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек – Тоқаев

0
5
Advertisement

Президент тәуелсіздігіміздің отызыншы жылына қуатты, өнімді еңбекпен жету керек екенін атап өтті

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысында  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай атап өтілетінін айтты.

«Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал», – деді мемлекет басшысы.

Президенттік айтуынша, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жүзеге асырылуы керек.

Ұзақ ойлануға уақыт жоқ, жоғары кеңес жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы

Айта кетсек, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі «Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы» заң қабылдады. Бұл күн – Тәуелсіздік күні, басты мемлекеттік мереке.

sputnik.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз