Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек – Тоқаев

Президент тәуелсіздігіміздің отызыншы жылына қуатты, өнімді еңбекпен жету керек екенін атап өтті
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай атап өтілетінін айтты.
«Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал», — деді мемлекет басшысы.
Президенттік айтуынша, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жүзеге асырылуы керек.
Ұзақ ойлануға уақыт жоқ, жоғары кеңес жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетсек, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі «Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы» заң қабылдады. Бұл күн — Тәуелсіздік күні, басты мемлекеттік мереке.
sputnik.kz