Тәуекел қылмыс әлемінің серкесі болған әкесі туралы кино түсірмекші

0

Отандық кино саласының сымбатты серісі Тәуекел Мүсілім қылмыс әлемінің серкесі болған әкесі Сабыр жайлы фильм түсірмек деп жазады Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Актер қазір өз ойын жүзеге асыру үшін қаражат жинап жатқанын айтты.

«Кейде жүзуге қатысып жүргенімде түрлі ой келеді. Әкем жайлы фильм түсіру де жоспарда бар. Киноны «Өзіміздің қазақ қандастарымызды қорғап, сес көрсетуіміз керек» деген жазумен бастап, фильмді «Сабыр» деген атаумен шығарсам деймін. Басты рөлде кімнің ойнайтынын шешпедім. Мүмкін өзім алып шығармын», — деді Тәуекел Мүсілім.

Айта кетейік, талай арудың арманына айналған актер жасырын түрде үйленіп алған.

Бұл шындықты жұртқа жайып салған Тәуекел келіншегінің өнер әлеміне қатысы жоғын айтты. Актер осы себепті де сүйгенін көпшілік алдына алып шығуды қаламайды екен.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар