Тәуекел Мүсілім өмірінде сайлауға барып көрмегенін мойындады — Қазақстан жаңалықтары

2019 жылдың 9 маусымында елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Тарихи маңызы бар күнге отандық әртістер де барынша атсалыспақ. Мәселен, өмірінде бірде-бір рет сайлауға барып көрмеген Тәуекел Мүсілім биыл бұл олқылықтың орнын толтыратын секілді, деп жазады Stan.kz.
«Кезектен тыс президент сайлауы туралы хабарланды. Шынымды айтсам, ешқашан сайлауға барып көрмеппін», — деп ағынан жарылды актер желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары Тәуекелдің бұл жазбасын қызу талқыға салды.
«Барудың қажеті қанша? Бәрі шешіліп қойса?» — деп пікір білдірді оқырманның бірі.
Өзге оқырмандар сайлауға бару керек екенін айтты.
«Бармайтындар жемқорларға жол ашып береді. Сіздер бармаған соң, дауыстарыңызды қолданады», — деп кеңес берді оқырманның бірі.
stan.kz