Тау шаңғысынан Параазия ойындары Иранда өтеді

2018 жылғы 26 желтоқсан 12:52 196

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат — Тау шаңғысынан Паралимпиадалық Азия ойындары Иранның солтүстігіндегі Дизин курортында өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
Жарыстар 1-5 ақпан күндері слалом және гигант слалом түрлері бойынша өтеді.
Дизин — Иранның ең ірі тау-шаңғы курорты. 1969 жылы салынған. Бұл Халықаралық шаңғы спорты федерациясы қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстарды өткізуге рұқсат берген Ирандағы алғашқы курорттардың бірі.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz