Татарстан соты «Путинді» соттаған белсендіні қамауға алды

0

Татарстандағы сот 11 қаңтарда веб-сериалда «Путинді» соттаған оппозиционер Карим Ямадаевты 29 ақпанға дейін қамауға алды.

Ямадев 29 желтоқсанда интернетке «Судья Грэмм» атты веб-сериал жариялаған соң ұсталған. Сериалда судья Ресей президенті «Владимир Путинді», оның хатшысы «Дмитрий Песковті» және «Роснефть» компаниясының жетекшісі «Игорь Сечинді» соттайды (Кадрда сотталушылардың түрі көрсетілмейді, бетпердеде есімдері жазылған).

Видеода «веб-сериалдың авторлары мен актерлері – шығармашылық адамдар. Олар қандай да бір үгіт-насихат жүргізбейді, арандатпайды, зорлық-зомбылыққа шақырмайды» деп жазған.

3 қаңтарда орган өкілдері Ямадаев пен оның шешесінің үйін тінтіген. Кейін ол Қылмыстық кодекстің «Билік өкілдерін қорлау» және «Терроризмді насихаттау» бабы бойынша күдікке ілінді. Бұл баптарда бір миллион рубль (16 мың доллар) айыппұл және жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Azattyq